Спорт күніне орай бапкерлер марапатталды

22:30 | 18 тамыз 2017

Бұл күнлдері елімізде спорт күні аталып өтуде. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бірқатар спорт жанашырлары мен еліміздегі спорттың дамуына үлес қосқан жаттықтырушыларды құттықтап, арнайы төсбелгімен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен ҚР Спорт шебері, Маңғыстау облысының бапкері, Маңғыстау облысы "Жастар" спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов марапатталды.

64648b78dde46b526e62b6c0d871b100.jpg

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен тағы бір білікті бапкер Ермек Насиев марапатталды.

f30b1497855de7cad8cd408d6c15d6cd.jpg

Марапатқа ие болған барша бапкерлер мен спорт жанашырларын атаулы күнмен құттықтап, жеңісті күндердің көп болуын тілейміз!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар