Әлем Чемпионатының жүлдегерлері Астанаға келді
Чилиде өткен Әлем Чемпионатына қатысқан дзюдошыларды Астана жұрты ыстық ықласпен қарсы алды. Әлемнің 64 елінен кіл мықтылар қатысқан байрақты бәсекеде отандастарымыз ел намысын абыроймен қорғап, бір күміс, бір қола медальмен елге оралды. Кадеттер арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) пен Серікболсын Шыңтасты (81 кг) Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын күтіп алуға келген жанкүйер арасында Атырау облысы мен Жамбыл облысының спорт жанашырлары да бой көрсетті.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Самат Жылқыбаев пен Күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даяурлау орталығының директор орынбасары Абдураимов Руслан Азмудинұлы жас татами шеберлерін Әлем біріншілігінде нәтижелі күрескендерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
0 пікірлер