ШАЯХМЕТ - СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

21:15 | 20 шілде 2017

Түркияның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы аттанды.

Бүгін дзюдошылар жарысқа қосылып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 66 келіде татамиге шыққан отандасымыз Шаяхмет Қанапиянов ХХIII сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалда ғана қарсыласына есе жіберген Шаяхмет 4 кездесуде де үздік атанған болатын.

1d994c697161f7d2fd867e35ede34dae.jpg

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасынан сурдлимпиада ойындарына 8 дзюдошы қатысып жатыр:

Төребек Амантай (60 кг)
Шаяхмет Қанапиянов (66 кг)
Айдос Түгелбаев (73 кг)
Цхай Рамиль (81 кг)
Рахым Кабылбеков (90 кг)
Сергей Ахмуров (100 кг)
Асел Мақсатова (70 кг)

Елена Рошкова (+78 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар