Рио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметов пәтер кілтін алды

12:23 | 02 маусым 2017

Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулетов паралимпиадалық чемпион Зульфия Ғабидуллинаға және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке салтанатты жағдайда пәтер кілтін табыс етті.

«Еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. - Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінді».

Таяуда салынған үш қабатты тұрғын үй облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Мұнда компания шағынаудан салады, онда «жасыл аймақ», сауда орталығы, балалар алаңдары, спорт құрылыстары болады.

«Зульфия Ғабидуллина алаңы 81,8 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметов - алаңы 61,9 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер алды», - деді Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулетов.

inform.kz

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар