Максим Раков - Азия чемпионы!

15:32 | 27 мамыр 2017

Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.

100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков Азия Чемпионатының финалында кореялық Ким Хуеншеолды жеңіп, Азия Чемпионы атанды.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде Бандорж Жаншивдоржды голден скорда жеңіп өз тобынан үздік шығып, жартылай финалда өзбекстандық Жураев Шералиден басым түсіп, финалға жолдама алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар