Ислам Бозбаев Азия Чемпионатының күміс медеаль иегері
14:37 | 27 мамыр 2017
Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
90 келіде татамиге шыққан отандасымыз Ислам Бозбаев Азия Чемпионатының финалында тәжікстандық Комроншох Устопириённан жеңіліп, ел қоржынына үшінші күміс медалін салды.
Бозбаев бұған дейін жартылай финалда Олимпиаданың қола жүлдегері, Әлем Чемпионы кореялық Гвак Дон Ханды екі вазаримен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Азия Чемпионатының бірінші күнінде Галбадрах Отгонцэцэшг (48 кг) және Елдос Жұмақанов (66 кг) күміс, Жансай Смағұлов (73 кг) қола медалін алған болатын.
0 пікірлер