Зере Бектасқызы Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды
14:18 | 27 мамыр 2017
Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
Қазақстан қыздар құрамасынан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зере Бектасқызы жұбаныш белдесуінде моңғол қызы Батбаатар Хуланды ұтып, Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Зере Бектасқызы жартылай финалда кореялық Ким Сон Ёнге жол беріп, қола медаль үшін күреуге мүмкіндік алған еді.
Естеріңізге сала кетсек, Азия Чемпионатының бірінші күнінде Галбадрах Отгонцэцэшг (48 кг) және Елдос Жұмақанов (66 кг) күміс, Жансай Смағұлов (73 кг) қола медалін алған болатын.
0 пікірлер