Азия Чемпионаты. Қазақстандық екі дзюдошы финалда

10:44 | 27 мамыр 2017

Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының жетеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.

Отандасымыз Максим Раков (-100 кг) моңғол балуаны Бундордж Жанчивдоржты жеңіп, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда өзбекстандық Шерали Жураевті голден скорда жеңіп, Чемпионаттың алтыны үшін белдеседі.

90 келіге дейінгі салмақта белдескен спортшымыз Ислам Бозбаев жартылай финалда кореялық Гуак Донганды жеңіп, Азия Чемпионатының финалына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар