Жансай Смағұлов Азия Чемпионатының жүлдегері атанды
16:03 | 26 мамыр 2017
Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр. 73 келіде белдескен балуанымыз Жансай Смағұлов ел қоржынына үшінші медальді салды.
Жансай Смағұлов қола медаль үшін болған белдесуде Иран спортшысы Мохаммади Бариманлоу Мохаммадты иппон ұпайымен жеңіп, Азия Чемпионатының жүлдегері атанды. Ол өз тобынан үздік шыққанымен, жартылай финалда кореялық Ан Чангримге есе жіберген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.
0 пікірлер