Елдос Жұмаханов - Азия Чемпионатының күміс медаль иегері
15:38 | 26 мамыр 2017
Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмаханов Азия Чемпионатының финалында Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері, Әлем Чемпионы кореялық Ан Баулдан жеңіліп, чемпионаттың күміс медаліне ие болды.
66 келіде татамиге шыққан Елдос Жұмаханов финалға дейін Ширесза Индра Бахадур (Непал), Ю Жикян (Қытай) және Сордар Нурилоевты (Өзбекстан) жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.
0 пікірлер