Галбадрах Отгонцэцэг - Азия Чемпионатының күміс медаль иегері

14:37 | 26 мамыр 2017

Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.

48 келіде сынға түскен отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг Азия Чемпионатында күміс медаль алып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол финалдық кездесуде моңғолиялық қарсыласы Уранцэцэг Мунхбатқа есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Отгонцэцэцг Галбадрах (48 кг) алғашқы белдесуінде вьетнамдық Тинзи Хаонгты иппонмен ұтып, екінші белдесуінде Терри Кусумауардани Сюзантиді (Индонезия), жартылай финалда жапон дзюдошысы Фуна Тонакиді иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 26-28 мамыр күндері Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар