Қазақстан Еуропа кубогында екі медаль алды

18:56 | 14 мамыр 2017

Ресейдің Оренбург қаласында ересектер арасында Еуропа Кубогы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасынан қатысқан спортшылар 1 алтын және 1 қола медальмен 15 ел ішінде медаль саны бойынша 3 орынмен жарысты аяқтады.

Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақтағы дзюдошылар өзараа бақ сынасты. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан отандасымыз Назгүл Елмұратова ел намысын абыроймен қорғап, Еуропа Кубогында чемпион атанды. Ол алғашқы айналымда жергілікті спортшы Анастасия Гомозкованы вазари ұпайымен жеңіп, екінші белдесуінде канадалық спортшы Марие Бессонды екі вазари ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалдық бәсекеде Ресей дзюдошысы Алевтина Гайтованы иппон ұпайымен жеңіп, финалда Дария Добриковамен кездесті. Екеуара кездесу Назгүл Елмұратованың еншісіне шешіліп, Қазақстан қоржынына алтын медалін салды.

3b59de9c00466aed9aac7ca7602239e9.jpg

Еуропа кубогының екінші күнінде 78 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір бұрымды балуанымыз Назгүл Омарова қола медалді қанағат тұтты. Ол алғашқы айналымда алаң иесі Мария Зольниковадан жеңілгенімен, жұбаныш белдесуінде белдесуге мүмкіндік алды. Ресей спортшысы Люлия Лаврентеваны жұбаныш белдесуінде иппон ұпайымен жеңіп, қола үшін күресті. Қола медальүшін күресінде қарсыласы канадалық Мина Гоуламбені иппон ұпайымен жеңіп, Назгл Омарова жарыстың қола медаль иегері атанды.

13-14 мамыр аралығында Оренбург қаласында өткен Еуропа Кубогында Қазақстан құрамасынан барлығы 28 дзюдошы қатысқан болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар