Гүлдана Әлмұханбетова - Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері

21:39 | 13 мамыр 2017

Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында дзюдо сайысы бойынша бірінші күн аяқталды. Жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан Қазақстан құрамасынан 5 дзюдошы қатысып, біреуі жүлдегер атанды.

52 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Гүлдана Әлмұханбетова Ислам ынтымақтастық ойындарының қола медалін жеңіп алды. Ол алғашқы айналымда түрік қызы Коркам Иремнен 4 вазари ұпайымен жеңілгенімен, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бірінші жұбаныщ белдесуінде түркіменстандық Айнур Аманованы вазари ұпайымен жеңіп, қола үшін күресті. Қола медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық Диора Келдиоровамен негізгі уақытта екі шидомен тең түсіп, қосымша уақытта қазақтандық дзюдошы вазари ұпайын еншілеп, Қазақстан қоржынына Ислам ынтымақтастық ойындарындағы алғашқы медалін салды.

Ерлерден 60 келіде сынға түскен Бауыржан Жауынтаев қола үшін белдесуде қырғыз балуаны Отар Бестаевтан, 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Мейіржан Қалтаев ирандық Хожастен Алиризадан иппонмен жеңіліп, екеуі де жарысты бесінші орынмен аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар