Мариан Урдабаева «Grand Prix» турнирінде күміс медаль алды
20:37 | 08 сәуір 2017
Анталиядағы «Grand Prix» турнирінің екінші күнінде қазақстандық спортшылардан Мариан Урдабаева (63 кг) күміс медаль алды.
Бірінші белдесуінде Благожевич Мажаны (Хорватия) иппон ұпайымен жеңсе, екінші айналымда Крюкова Ольганы екі вазари ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Хакер Катаринаны (Аустралия) үш вазари ұпайымен ұтып, жарыстың шешуші финалына шықты. Алайда, финалда Австрия спортшысына жол беріп, күмісті қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетсек, 7 сәуірде басталған «Grand Prix» турнирі 9 сәуірге дейін жалғасады. Әлемнің 34 елінен 252 дзюдошы тіркелген бұл жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 22 спортшы қатысып жатыр.
0 пікірлер