Grand Prix Antalya. Мариан Урдабаева финалға шықты
Анталиядағы «Grand Prix» турнирінің екінші күнінде қазақстандық спортшылардан Мариан Урдабаева (63 кг) финалға шықты. Бірінші белдесуінде Благожевич Мажаны (Хорватия) иппон ұпайымен жеңсе, екінші айналымда Крюкова Ольганы екі вазари ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Хакер Катаринаны (Австралия) үш вазари ұпайымен ұтып, жарыстың шешуші финалына шықты. Алтын медаль үшін финалда Австрия спортшысы Унтервурцахер Катринмен белдеседі.
Сондай-ақ, Өміралиева Ділбар (70 кг) қола медаль үшін күреседі. Алғашқы белдесуінде Қытай дзюдошысы Лю Уенді вазари ұпаймен жеңіп, екінші белдесуінде Самарджик Александраны соңғы секундта ұтқанымен, Гарзак Сабинадан ұтылып қалды. Жұбаныш белдесуінде жарыс иесі түркиялық Ердоган Семанурды жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Келесі қарсыласы хорватиялық Матиж Барбара болмақ.
Турнирдің шешуші кезеңдері Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады.
0 пікірлер