Ғұсман Қырғызбаев - Гран При турнирінің жеңімпазы
20:43 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 60 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен балуандар арасында мықтылар анықталды. Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Ол алғашқы айналымда Батыр Грубаниязовтан вазари ұпайымен басым түсіп, екінші белдесуінде моңғол спортшысы Баяра Амартувшинді иппон ұпаймен ұтты. Жартылай финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйді иппонмен ұтқан Қырғызбаев финалда түркиялық Өзлу Бекирді голден скорде вазари ұпайымен жеңіп, "Grand Prix" турнирінің чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетсек, Гран При турнирі Антали қаласында 7-сәуірден 9-сәуірге дейін жалғасады. Аталмыш турнирде Қазақстан Ұлттық құрамасынан 22 спортшы қатысады.
0 пікірлер