Галбадрах Отгонцэцэг - Гран При турнирінің жеңімпазы
20:30 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 48 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды балуандар арасында мықтылар анықталды.
Дәл осы салмақта финалға шыққан отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг қарсыласы Ришони Шираны (Израиль) вазари ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің жеңімпазы атанды.
Ол жарысқа екінші айналымда қосылып, алғашқы белдесінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен жеңсе, жартылай финалда Ресей спортшысы Сабина Гилязованы вазари ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Гран При турнирі Антали қаласында 7-сәуірден 9-сәуірге дейін жалғасады. Аталмыш турнирде Қазақстан Ұлттық құрамасынан 22 спортшы қатысады.
0 пікірлер