Grand Prix Antalya. Галбадрах пен Ғұсманов - финалда, Нышанбаева мен Мұқанов қола үшін күреседі
18:16 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 5 салмақ дәрежесінен 7 дзюдошы қатысып, оның 4-еуі нәтижелі күрес көрсетті.
Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) ақтық финалға жолдама алса, Севара Нышанбаева (57 кг) мен Азамат Мұқанов (66 кг) қола үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финалдық кездесулерді «КazSport» арнасы Астана уақытымен сағат 20.00-де көрсетеді.
0 пікірлер