Талип Мұстафа - «Young Star 2017» турнирінде чемпион атанды
Латвия елінде дзюдодан жасөспірімдер арасында «Young Star 2017» турнирі өтті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күні спортшыларымыз бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. 2007-2008 жылғы қыздар арасында Файзулина Әмина 32 келі салмақта үшінші орын алды. 1999-2000 жылғы балалар арасында Саламат Жалғас +90 келіде күміс жүлдегер атанды.
2004-2006 жылғы балалар арасында Талип Мұстафа қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Талип Мұстафаға «үздік техникасы» және «жылдам иппон» үшін арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жас дзюдошымыздың жаттықтырушысы Рахматов Хамзали арнайы сыйлыққа ие болды.
Жарыстың екінші күні де спортшыларымыз бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. Талип Мұстафа 32 келіде чемпион атанды. (Жарыстың алғашқы күні өзінен үлкен жастағылармен күрескен болатын). Файзуллина Әмина да үшінші орынды еншіледі. 26 келіде Бердібек Өскенбек күміс жүлдегер атанды.
dodasport.kz
0 пікірлер