Жансай Смағұлов - Гран При турнирінің қола медаль иегері

19:40 | 01 сәуір 2017

Грузия астанасы Тбилисиде Гран При турнирінің екінші күні жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан 4 салмақ дәрежесінде (ер.:73 кг, 81 кг; әйел.: -63 кг, -70 кг) 7 дзюдошы қатысуда.

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов 73 келіде қола медаль иеленді.

Ол алғашқы айналымда Ұлыбритания спортшысы Турнер Эронды вазаримен ұтып, екінші белдесуінде украиндық Канивец Дмитромен белдесті. Екеуара белдесуде Канивец 3 шидо алғандықтан, отандасымыз Смағұловқа жарысты әріқарай жалғастыруға мүмкіндік туды. 1/8 финалдық кездесуінде Жансай үш шидомен ескерту алып, топтан шыға алмады. Алайда, жұбаныш белдесуінде нидерланд спортшысы Сэм ванд Уэстенді иппонмен жеңіп,қола үшін күресінде грузиялық Тато Григалашвилиді иппонмен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медалді салды.

ab42bfc6bb8e15e37e9b6548b2c58c61.jpg

73 кг

1. Гиосжан Бобаев (Өзбекстан)

2. Томми Мациас (Швейцария)

3. Куржев Уали (Ресей)

3. Жансай Смағұлов (Қазақстан)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар