Жансай Смағұлов пен Азиз Қалқаманұлы Гран При турнирінде қола үшін күреседі

17:04 | 01 сәуір 2017

Грузия астанасы Тбилисиде Гран При турнирінің екінші күні жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан 4 салмақ дәрежесінде (ер.:73 кг, 81 кг; әйел.: -63 кг, -70 кг) 7 дзюдошы қатысуда.

73 келіде татамиге шыққан отандасымыз Жансай Смағұлов пен 81 келіде ел намысын қорғаған Әзиз Қалқаманұлы жұбаныш белдесуінде қола үшін күреседі.

73 келіде Жансай Смағұлов алғашқы айналымда Ұлыбритания спортшысы Турнер Эронды вазаримен ұтып, екінші белдесуінде украиндық Канивец Дмитромен белдесті. Екеуара белдесуде Канивец 3 шидо алғандықтан, отандасымыз Смағұловқа жарысты әріқарай жалғастыруға мүмкіндік туды. 1/8 финалдық кездесуінде Жансай үш шидомен ескерту алып, топтан шыға алмады. Алайда, жұбаныш белдесуінде нидерланд спортшысы Сэм ванд Уэстенді иппонмен жеңіп, қола үшін күресуге мүмкіндік алды.

9e6e0439bf796502f456992b1b39c6e5.jpg

81 келідегі Азиз Қалқаманұлы жарысқа екінші айналымда қосылды. Ол бірінші схваткада Нефедов Алексейді жеңгенімен, ирандық Моллой Сейдтен аса алмады. Жұбаныш белдесуінде жарыс иесі Папинашвили Георгиді жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады. Оның келесі қарсыласы Ресей балуаны - Калинин Денис болимақ.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар