Тбилисиде кезекті Гран При турниріне жеребе тартылды

19:03 | 30 наурыз 2017

Жарыстың алғашқы күні татамиге 5 салмақ бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Ерлер: -60 кг, -66 кг;
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг;


60 келіде Қазақстан Ұлттық құрамасынан екі дзюдошы ел намысын қорғамақ. Абылайхан Шаратов алғашқы кездесуінде бразилиялық балуан Пелим Фелипемен, ал Жеңісбек Жақсыбек жергілікті татами шебері Бролашвили Гиоргимен белдеседі.
66 келіде Мауленин Әбілхайыр Бельгия спортшысы Яспер Лефеврмен, Қалтаев Мейіржан Поляк Матежбен (Словакия) күреседі.
52 келіде Гүлдана Әлмұханбетова Джайлз Челсимен (Ұлыбритания) белдессе, 57 келідегі Қарасайқызы Кәмшат Кажзер Кажамен (Словения), Анна Казюлина жергілікті бұрымды балуан Жанасвили Мариаммен кездеседі.

31 наурыз басталатын Гран При турниріне әлемнің 36 елінен 252 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан Ұлттық құрамасының намысын 12 спортшымыз қорғайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар