Қызылордада «Абзал и К» кубогы үшін республикалық турнир өтіп жатыр
Н.Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир басталды. Оған Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің он бір облысынан 36 команда, 550 спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Марат Мықтыбеков пен Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Параламент Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде қыздар арасында бірінші орынды Қызылорда, екінші орынды Ақтөбе облыстары, үшінші орынды Тараз қаласының құрамалары ие болды.
Ұлдар арасында Қызылорда облысының спортшылары жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені – Тараз қаласы, қола жүлдені - Алматы облысының спортшылары еншіледі.
Жеңімпаз, жүлдегер командалар кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ертең жекелей салмақ дәрежелері бойынша балуандар татамиға шығады.
0 пікірлер