Шымкентте халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

20:22 | 22 наурыз 2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «БИИК» спорт кешенінде дзюдодан ерлер құрамасына арналған халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде. Халықаралық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан спортшыларынан бөлек, 4 елдің спортшылары қатысып жатыр. Атап айтсақ, Әзірбайжаннан 21, Өзбекстаннан 27, Қырғызстаннан 18 және Бельгиядан 4 спортшы «БИИК» базасында біліктіліктерін шыңдауда. Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған халықаралық оқу-жаттығу жиыны наурыздың 27-сіне дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық құрама осы оқу-жаттығу жиынынан кейін Тблисиде өтетін Гран При турниріне қатысады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар