Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойын атап өтуде

21:24 | 17 наурыз 2017

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлта Назарбаевтың қатысуымен "Бейбітшілік және Келісім " сарайында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт өтті.

Мемлекет басшысы қатысушыларды мерейтоймен құттықтап, олимпиадалық қозғалыстың қазіргі әлемдегі ерекше рөлін атап өтті,- деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

– Біз халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылдық. Ол тәуелсіз жаңа Қазақстанды құру ісінің маңызды бір бөлігі болып саналады. Себебі, олимпиадалық қозғалыс дегеніміз спортпен ғана шектелмейді ғой. Бұл – ашықтық, бірлік, өзара құрмет құндылықтарына, тән мен жанның жетілуіне негізделген өмір философиясы. Олимпиада моделі бойынша универсиадалар, құрлық ойындары мен басқа да жарыстар өткізіліп тұрады. Олимпиада жеңімпаздарының үлгісі бүкіл әлемдегі миллиондаған баланы спортпен шұғылдануға жігерлендіреді, – деді Қазақстан Президенті.

03437b377d635bbeacecbb701eddd342.jpg

Сонымен қатар, Елбасы елімізде халықаралық спорт шараларын дайындау және өткізу тиісті деңгейде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

– Қазақстан әлемдік олимпиада қауымдастығының лайықты мүшесіне айналды. Біз спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Кейінгі 25 жылда туымыз барлық олимпиадада желбіреп, спортшыларымыздың жеңісінің құрметіне әнұранымыз асқақтады. Таяуда ұлттық құрамамыз Алматыда өткен Қысқы универсиадада өз деңгейінің биік екенін даусыз дәлелдеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдік спорт аренасында өз орнын бұдан әрі бекемдей түсетініне сенім білдіріп, спортшыларымызға жаңа жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Соңында Елбасы іс-шараның құрметті қонағы – Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының президенті Ахмад әл-Фахад ас-Сабахты спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

1b8d737047e5095308cbf9ad04541524.jpg

Құрметті қонақтар арасында дзюдодан ұлттық құрама бапкері Ермек Имамбеков, Бежин Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев, Әлем Чемпионатының жүлдегері Асхат Шахаров, Әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов және Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, ардагер дзюдошылар Асқар Асубаев, Хван Федор, Жанәділ Атаев болды. ҚР ҰОК тарапынан Ермек Имамбеков, Асқар Асубаев, Жанәділ Атаев "Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің 25 жылдық" төсбелгісімен марапатталды.

e379744c034c7638a91e7b286098c24f.jpg

Фото: akorda.kz, facebook.com

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар