Ұлттық құраманың лидері жеңіліс тапты
Жуырда ғана құрылған астаналық «TAK Astana Club» кәсіби клубы дзюдодан клубтық турнирдегі екінші жеңістеріне қол жеткізді. «Дәулет» спорт кешенінде тұңғыш рет өткізіліп отырған доданың кезекті қарсыластары - латвиялық «Riga Dome» балуандары. Қазақ дзюдошылары 5:2 есебімен жеңісті өз кәделеріне жарата білді. Алайда бірақсыз тағы болмайды. Бірінші айналымда челябілік клубқа қарсы өткен жекпе-жектегі Азамат Мұқановтың (66 кг) жеңілісін бұл жолы ұлттық құраманың лидері Максим Раков қоштады. 100 кг дейінгі салмақта татамиге көтерілген 2009 жылдың әлем чемпионы тең түскен белдесуде Евгений Бородавкоға (қосымша уақыт) есе жіберді.
60 кг
Асхат Тельманов - Дмитрий Козлов
66 кг
Сергей Лим - Денис Козлов
73 кг
Ертуган Торенов - Ротберг Гюнтер
81 кг
Яхья Имамов (Өзбекстан) - Константин Овчинников
90 кг
Эркин Дониеров (Өзбекстан) - Айгар Миленберг
100 кг
Максим Раков - Евгений Бородавко
+100 кг
Юрий Краковецкий (Қырғызстан) - Мариус Паскевичус
Дәл осындай ұпай санымен ресейлік «Самбо-70 Москва» клубының мысы украиндық «City Commerce Bank Team» (2:5) балуандарымен басылды.
0 пікірлер