​Қазақ дзюдошылары халықаралық турнирде топ жарды

15:47 | 27 қазан 2013

ТМД балуандарының басын тоғыстырған «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінде Астана командасы жарқын өнерлерімен суырылып алға шықты. Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Айдархановты еске алу құрметіне орайластырылған додада Астана командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды олжалады. 9 салмақ дәрежесі бойынша өткен байрақты бәсекеге 9 достастық елдерінің балуандары қатысты.

Жалпыкомандалық есепте астаналықтар бірінші, украиналық балуандар екінші және Ресей спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты.

Чемпион-команданың айтуларынша, бұл жеңіс ұзақ уақытқа созылған қарқынды жаттығулардың арқасында келген дүние:

- Ағымдағы сайыс біз үшін жеңіске жетелейтін үлкен бастама. Біздің мақсатымыз – қазақ елінің байрағын халықаралық ареналарда желбірету.

Дзюдодан «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінің екінші күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Бозбалалар:

50 кг

1-ші орын – В. Кубашвили (Грузия)

2-ші орын – Ж. Отарбеков– (Семей қ.)

3-ші орын – С. Шәріп (Ақтөбе қ.)

3-ші орын - Д. Әшімов (Сәтпаев қ.)

66 кг

1-ші орын – Д. Саламатов (Тараз қ.)

2-ші орын – Н. Лабадзе (Грузия)

3-ші орын – Чистяков Д. (Ресей, Екатеринбор)

3-шіорын - Е. Тастан (Астана қ.)

73 кг

1-ші орын – И. Долганов (Ресей, Екатеринбор)

2-ші орын – М. Қожахметов (Астана қ.)

3-ші орын - Б. Омашев (Павлодар облысы)

3-ші орын - Ш. Жандреев (Өзбекстан)

73 + кг

1-ші орын – У. Хусанов (Өзбекстан)

2-ші орын – А. Твердохлебов (Ресей)

3-ші орын – С. Жаппаров (Теміртау қ.)

3-ші орын - П. Локтионов (Қарағанды қ.)

Қыздар:

44 кг

1-ші орын – А. Мұсырман (Астана қ.)

2-ші орын – А. Дзябенко (Теміртау қ.)

3-ші орын – А. Баукен (Қарқаралы ауданы)

3-ші орын – Н. Кипшидзе (Грузия)

70 кг

1-ші орын – А. Хаби (Астана қ.)

2-ші орын – Л. Акмолда (Тараз қ.)

3-ші орын – Ю. Яковлева (Шымкент қ.)

3-ші орын - Е. Кудаева (Тараз қ.)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар