БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

11:16 | 13 желтоқсан 2016

Құрметті БАҚ өкілдері!

Алматы қаласы Дзюдо академиясында 14-19 желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушыларға арналған халықаралық техникалық семинар өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға шет елден білікті бапкерлер теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, жаттықтырушылардың біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті мен Халықаралық Дзюдо Федерациясының ережелеріне сәйкес жаттықтырушыларға арналған курс екі деңгейде өткізіледі.

Халықаралық шараның еліміз үшін маңыздылығын түсіндіру мақсатында БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихатына шақырамыз және аты – жөндеріңізді (ақпарат құралдарыңыздың атауы және байланыс телефоны) fdkpress@mail.ru поштаcына жазып жіберулеріңізді сұраймыз.

Баспасөз мәслихаты өтетін орны: «Ramada Almaty» қонақ үйі, конференц-зал

Уақыты: 14 желтоқсан, сағат 15:00

Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар