Қазақстан 17-ші орынға тұрақтады
Люблянадағы дзюдодан жастар арасындағы әлемдік чемпионат шымылдығын жабады.
Жаһан біріншілігі жеке сайыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан 17-ші орынға жайғасты.
Жалғыз «күміс» қазақстандық дзюдошы Самат Есеннің (90 кг) қанжығасында.
Қазақстандық балуандар – Мейірлан Баймаханбетов (60 кг) пен Айбек Серікбаевтар (100 кг) жалпы рейтингтің бесінші сатысына тұрақтады.
Ал қандастарымыз Дәурен Алдыназаров (66 кг), Еңлік Сатыбалды (44 кг), Айгүл Байқұлова (48 кг), Назира Ержанова мен Роза Доқтырбаевалар (+100 кг) жалпы рейтингтің жетінші орнын қанағат тұтты.
Бүгін, 27 қазанда, Астана уақытымен 14:00-де дзюдодан командалық сайыстар старт алады. Балуандардың жекпе-жегін ippon.tv сайтынан онлайн режимінде көруге мүмкіндік жасалған.
0 пікірлер