Есмұқанов еншілеген алтын
Осы күні теміртаулық боз кілемде дзюдодан «Магнитка алаулары» деген атаумен халықаралық турнир өтуде. Кеше, 25 қазанда, ТМД балуандарының бірінші күнгі жекпе-жектері өтті.
Алғашқы күннің тартысы 46 кг, 50 кг, 55 кг және 60 кг салмақтағы дзюдошылардың арасында өтті. Алғашқы белдесу күнінің нәтижесі бойынша қазақстандық балуандардың қоржынына 1 «алтын», 2 «күміс» және 7 қола медаль түсті.
46 кг
1-ші орын - А.Есмұқанов (Қазақстан)
2-ші орын - А. Ыстыбай (Қазақстан)
3-ші орын - Ж. Ахметов, Ш. Қуандық (Қазақстан)
50 кг
1-ші орын - В. Кубашвили (Грузия)
2-ші орын - Ж. Отарбеков (Қазақстан)
3-ші орын - С.Шәріп Д.Әшімов (Қазақстан)
55 кг
1-ші орын- А.Мартиросян (Украина)
2-ші орын - И.Долгих (Ресей)
3-ші орын - Н. Алексеенко (Ресей) И. Ерғали (Қазақстан)
60 кг
1-ші орын- А.Мамедов (Украина)
2-ші орын- С. Бернадский (Ресей)
3-ші орын - Е.Болат, С. Икен (Қазақстан)
Ерғали Ілияс, қола медальдің иегері (Теміртау):
- Мен «Магнитка алаулары» турниріне төртінші рет қатысып отырмын. Ең қызығы, бірінші және үшінші орындарды алма-кезек иемденіп келемін. Бүгін татамидің қола алқасымен кеттім, әлі де орнын толтыратын кемшіліктерім баршылық. Аталмыш турнирге дайындықсыз келдім деп айта алмаймын. Әрбір жеңісім мен жеңілісім – мен үшін үлкен сабақ. Қазақстан Республикасының байрағын желбірету міндеті толығымен орындалды. Ендігі өзекті мәселе - еңбек, еңбек және еңбек!
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімі жетекшісінің орынбасары Рустам Қожабеков дәстүрге айналған аталмыш турнир туралы ойымен бөліскен еді:
- Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын турнирге қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Бұл дегеніңіз, спортшылардың шеберліктері де артып келеді деген сөз.
0 пікірлер