Мұрат Кинтонов – дзюдодан ардагерлер арасында Әлем Чемпионы

23:36 | 22 қараша 2016

18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем Чемпионаты өтті. Әлем біріншілігіне 63 елден 999 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, жарыстың бірінші күнінде -100 келіде бақ сынаған Жарашуев Нұрлан үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға ие болды. Әлем Чемпионатының екінші күнінде отандасымыз Кинтонов Мұрат барлық қарсыластарын иппонмен жеңіп, -100 келіде Әлем Чемпионы атанды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан жерлесіміз Кац Александр мен 57 келіде белдескен Тыныбаева Рыскүл үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қос қола медалін салды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем Чемпионатын сәтті аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар