Астана: Дзюдодан ерлер арасындағы бірінші клубтық турнир
Елорда төрінде 1 қарашада дзюдодан ерлер арасындағы бірінші клубтық турнир өтеді.
Жеті салмақ санатында өтетін (60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг және +100 кг) жарысқа Қазақстан, Ресей, Латвия, Украина, Қырғызстан елдерінің клубтары қатысады.
Назарларыңызға құрыш білекті қатысушы командалардың тізімін ұсынамыз:
"Tak Astana Club" клубы- Қазақстан
"Самбо-70" клубы - Ресей
"City Commerce Bank Team" клубы - Украина, Рига дзюдо клубының командасы - Латвия, Бішкек дзюдо клубының командасы - Қырғызстан Челябі дзюдо клубының командасы – Ресей
Жарыс бағдарламасы төмендегідей:
30 қазан, сәрсенбі
Командалардың елордаға келуі
31 қазан, бейсенбі
14:00-18:00 Аккредитация
19:00-19:30 Салмақ өлшеу
19:00-20:00 Техникалық және төрешілер кездесулері
20:00 Жеребе тастау
01 қараша, жұма
15:00 Жарыстың басталуы
18:30 Ашылу салтанаты
19:00 Жартылай финал және финалдық белдесулер, марапаттау рәсімі, турнирдің жабылуы
Сыйлық қоры:
1-ші орын: $ 50.000
2-ші орын: $ 30.000
3-ші: $ 20.000
1 қарашада, сағат 14.30-да «Дәулет» СК баспасөз-мәслихаты өтеді.
«Дәулет» спорт кешенінде өтетін бәсекені өткізуге дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамаларының белді балуандарынан құралған TAKAstanaClub клубы мұрындық болып отыр.
0 пікірлер