Қазақстандық дзюдошы халықаралық турнирде қола медаль иеленді
Ресейдің Тюмень қаласында дзюдодан 2000-2002 жылғы жасөспірімдер арасында «Қызмет бабында қаза болған ішкі істер бөлімінің арнайы жасағы қызметкерлерін еске алуға» арналған «Новый Поток» аймақтық қоғамдық ұйымының жүлдесі үшін өткен халықаралық турнир өтті. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Оңалов халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Осымен үшінші рет ұйымдастырылған аталмыш жарысқа әлемнің Франция, Словакия, Словения, Беларусь, Грузия, Хорватия, Армения, Корея, Қытай, Ресей, Монғолия, Гонконг, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан сынды 16 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысқан. Аталмыш додада Ерлан 50 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Оның бапкерлері - Ерген Усманов пен Нариман Бекқалиев. Айта кетейік, Ерлан Оңалов бұған дейін Якутияда өткен халықаралық «Азия балалары» ойындарының да қола жүлдесін иеленген болатын.
0 пікірлер