Жамбылдық дзюдошылар іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Тараз қаласында Конфедерация Кубогының D тобындағы іріктеу кезеңі аяқталды. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысының құрамалары грек- рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондодан үздіктерді анықтады. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі мәлімдейді.
Жамбылдық дзюдошылар финалдық кезеңге жолдама алды. Олар үш жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Бірінші кездесуінде жамбылдықтар ақтөбелік дзюдошылардан 4:1 нәтижесімен басым түссе, екінші белдесуде дәл осындай есеппен Маңғыстау құрамсын жеңді. Осыдан кейін татами иелері атыраулық спортшыларды 5:0 тізе бүктірді.
Таеквондо жарысынан топтық іріктеу кезеңінің жеңімпазы – Жамбыл облысы. Жарыс қожайындары алдымен ақтөбелік қарсыластарын 81:57 есебімен, содан кейін Атырау құрамасын 93:75 нәтижесімен жеңді. Айта кетейік, Жамбыл құрамасы сапында Рио Олимпиадасына қатысушы Руслан Жапаров өнер көрсетті.
0 пікірлер