Дидар Хамза қола үшін белдеседі

17:00 | 29 қазан 2016

Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінің екінші күні басталды. Жарыстың екінші күнінде татамиге екі қазақстандық спортшы шықты. 81 келіде белдескен Әділет Миссин алғашқы айналымнан сүрінсе, осы салмақ дәрежесінде екінші дзюдошымыз Дидар Хамза қола үшін белдесетін болады.

Ол алғашқы кездесуінде Досен Божанмен белдесіп, иппон ұайын иеленді. Екінші айналымда отандасымыз чех балуаны Мусил Жаромирді де таза жеңіп, ширек финалға шықты. Жартылай финалдық жолдама үшін Бразилия балуаны Пеналбер Виктормен күресіп, бір юко ұпайымен ұтылып қалды. Дегенімен, жұбаныш белдесуінде Чокняи Ласлоны (Венгрия) таза жеңіп, қола үшін белдесуге мүмкіндік алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар