Азамат Мұқанов - халықаралық «Grand Slam» турнирінің күміс медаль иегері

20:45 | 28 қазан 2016

Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Азамат Мұқанов сәтті өнер көрсетті.

Алғашқы қарсыласы алаң иесі Алхосами Халифаны, одан кейінгі кездесуінде бразилиялық балуан Шибана Чарльзды иппон ұпайымен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Финалға жолдама берілетін маңызды белдесуде жерлесіміз Олейник Сергюден 1 варази басым түсті. Ақтық финалда реcейлік Шамилов Якубпен белдесіп, Азамат Мұқанов күмісті місе тұтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар