Галбадрах Отгонцэцэг - халықаралық турнир жеңімпазы

19:22 | 28 қазан 2016

Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Үлкен Дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз бірінші айналымда Коршер Сефораны (Франция), жартылай финалда испан қызы Юлия Фигуеродан басым түсті. Ақтық сында Галбадрах Отгонцэцэг сербиялық бұрымды балуан Милиса Николикті иппон ұпайына ие болып, жарыс жеңімпазы атанды.

Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық турнирге Қазақстан құрамасынан 7 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде 3 түрлі салмақ дәрежесінде 4 отандасымыз татамиге шықты

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар