Таразда Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды

18:09 | 16 қазан 2016

12-14 қазан күндері Тараз қаласында КСРО Спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен шараға Қазақстанмен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 722 жас дзюдошы қатысты. Бұрымды балуандар 4 салмақ дәрежесінде күш сынасса, ерлер құрамасы 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен қоса бағалы сыйлықтармен де марапатталды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар