Жапониялық мамандар қазақстандық спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді
12:20 | 28 қыркүйек 2016
Алматыда жаңадан ашылған дзюдо академиясы жаңа маусымдағы жұмысын бастайды. 19-20 қазанда Жапониядан келген мамандар қатысуымен жастарға арналған семинар өтеді. Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. «Академияда оқу-жаттығуларымен қатар, шетелдік мамандармен бірлесе отырып, халықаралық шеберлік сабақтары да өтеді» деген болатын Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков Дзюдо академиясы ашылған сәтте.
0 пікірлер