Әбу Дабиде өтетін «Grand Slam» турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

19:50 | 27 қыркүйек 2016

Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде «Grand Slam» турнирі өткізілмек. Қазақстандық дзюдошыларды Дашжамтс Энхбаатар, Донбай Базарбек, Ибрагим Вешагуров, Марат Файзиев, Талап Мұқанов сынды бапкерлер бастап барады. Турнирге Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатыстырылады деп жоспарлануда. Олар:

1) Мағжан Шамшидин (60 кг)

2) Азамат Мұқанов (66 кг)

3) Асхат Тельманов (66 кг)

4) Дидар Хамза (73 кг)

5) Арман Махамбетов (81кг)

6) Әділет Миссин (81 кг)

7) Дәулетхан Жақыпов (90кг)

8) Айбек Серікбаев -100 кг)

9) Айтуар Абдулов (+100 кг)

Қыздар:

Отгонцэцэг Габадрах (48 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар