Олимпиада жүлдегерлері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс және қола медаль иегерлерін «Парасат» және «Құрмет» мемлекеттік ордендерімен марапаттады.
Атап айтқанда, «Парасат» орденіне күміс медаль еншілеген - Гүзел Манюрова, зілтемірші Жазира Жаппарқұл, дзюдошы Елдос Сметов, сондай-ақ қола жүлдегер Иван Дычко ие болды.
«Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер - дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер - Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, палуан қыздар - Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова, боксшы Дариға Шәкімова марапатталды.
«Сіздің қолдауыңыздың арқасында Олимпиада ойындарына тағы бір мәрте қатысуға және елімізге медаль алып беруге мүмкіндік алдым. Бұл -ұмытылмас сәт. Мен өзімнің Президентіме, еліме деген мақтанышымды әлі де болса жасыра алмай жүрмін. Біз Қазақстанның әлемдегі спорттық держава екенін тағы бір мәрте дәлелдедік деп санаймын», - деді Олимпиада ойындарында күміс еншілеген палуан Гүзел Манюрова Президентке қаратып айтқан сөзінде.
inform.kz
0 пікірлер