Қайрат Мұқанов туралы естеліктер

23:40 | 20 тамыз 2016

Жақында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Мұқанов Қайрат Мұқанұлы қайтыс болды

Мұканов Қайрат ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті болды және Қазақстанда дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның достары Қайратты еңбекқор адам ретінде еске алады

Ибрагим Вешагуров, ҚР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы:

«Ол өз кезінде ҚР дзюдо құрамасының бас бапкері қызметін атқарған болатын, одан кейін өзінің дзюдо клубын ашып оның президенті болды. Оның жоспарлары көп еді, себебі дзюдо күресіне қатты алаңдайтын. Осы спорт түрін одан әрі дамытқысы келді. Осындай адамдар ойлағанын толық жүзеге асыра алмай қайтқаны өкінішті. Алтын адам еді, иманды болсын».

Сонымен қатар, оны ұлттық құраманы бас бапкері Ермек Имамбековте жақсы біледі

Ермек Имамбеков:

«90 жылдары жағдай қиын еді. Көптеген жас спортшылар шетелге барып, халықаралық жарыстарда бақтарын сынағылары келетін, алайда қаржы тапшы еді. Сол қиын кезде, Қайрат Мұқанов өзінің қалтасынан қаржы шығарып, жас толқынға өзінің көмегін берді. Дзюдошыларды халықаралық жарыстарға апаруға көмектесті. Өзі де жаттығуға келіп, әдістерді көрсететін, әсіресе кеудеге алып лақтыратын әдіс жақсы көретін тәсілі еді».

Бұл Қазақстан дзюдосы үшін қайғылы жағдай,-дейді федерацияның даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев. Ол дзюдо күресі үшін жасаған Қайраттың еңбегі туралы жақсы біледі және арамыздан ерте кеткені үшін өз өкінішін білдірді.

Дзюдо федерацияның ұжымы атынан Қайрат Мұқановтың қайтыс болуына байланысты туысқандарына көңіл айтамыз.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар