Олимпиада ойындарында дзюдо сайыстарын «Қазақстан» арнасы көрсетеді
20:12 | 04 тамыз 2016
Қазақстан аймағында олимпиаданы тікелей эфирде «ҚАЗАҚСТАН», «Казспорт» және «ХАБАР» арналары көрсетеді. Бразилия-Қазақстан аралығындағы уақыт айырмашылығы - 9 сағат. Олимпиаданың ашылу салтанаты "ХАБАР" арнасында Астана уақыты бойынша 6 тамызда таңғы сағат 04:55-те басталады.
Дзюдо сайыстары 6 тамызда 19.00-де басталады. «ҚАЗАҚСТАН» арнасында 6-сынан 7-сіне қараған түні сағат 00.25-те ФИНАЛ тікелей эфирден көрсетіледі.
7 тамызда таңертең 07.00 – де «ХАБАР» арнасында қайталау болады.
ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЙ КҮНІ КҮРЕСЕДІ?
6 тамыз - Елдос Сметов (60кг), Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
7 тамыз - Жансай Смағұлов (66 кг)
8 тамз – Дидар Хамза (73 кг)
9 тамыз – Мариан Урдабаева (63 кг)
11 тамыз – Максим Раков (100 кг)
0 пікірлер