Сүйінші! Дидар Хамза Олимпиадаға қатысады!
18:23 | 25 шілде 2016
Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясынан Қазақстан дзюдо федерациясына қуанышты хабар келді. 73 келі салмақтағы Дидар Хамза Риода өткізілетін Олимпиадаға ресми түрде шақырту алды. Енді Бразилияда ел намысын қорғайтын дзюдошылар саны алтау болды. 60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Жансай Смағұлов, 73 келіде Дидар Хамза, 100 келіде Максим Раков және қыздар құрамасынан 48 келіде Галбадрах Отгонцегцег, 63 келіде Мариан Ордабаева күреседі. Құрама сапы бүгін Бразилияның Сан-Паулу қаласында оқу –жаттығу жиынын бастады.
0 пікірлер