Жемісті жарыс

18:06 | 11 шілде 2016

"Азия балалары" халықаралық спорт сайысындағы дзюдошыларымыз үшін жарыс аяқталды. Бұл додаға қосылған спортшыларымыз қазақ елінің намысын қорғап, өз қатарластарынан оқ бойы оза шапты. Аталмыш додада саңлақтарымыз 3 алтын, 1 күміс, 7 қола мадальдарды Қазақстан қоржынына салды. Жалпы командалық есепте медаль саны бойынша Моңғолиядан кейінгі екінші орынға жайғастық. Жарыстан жүлдемен оралған спортшылар:


9.07. 2016
1 орын - Сарсенова Меруерт (48 кг)
1 орын - Нәбиева Бибіхан (40 кг)
2 орын - Қалдыбек Балкүміс (44 кг)
3 орын - Тельман Жәнібек (50 кг)
3 орын - Амангелді Ермек (55 кг)

10.07. 2016
1 орын - Саера Мирзахметова (63 кг)
3 орын - Молдаш Кемелбек ( 60 кг)
3 орын - Нұрмұхамедова Рауза (52 кг)

11.07. 2016
3 орын - Ералиев Ізбасар (78 кг)
3 орын - Оразбай Арайлым (70 кг)
3 орын - Салтанат Оспанова (+78 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар