Гран При. Қазақстан қоржынында қос медаль
Моңғолия астанасы Улан-баторда өтіп жатқан Гран При турнирінің алғашқы күні аяқталды. 13 елден 126 спортшы қатысып жатқан бұл турнирге бүгін әйелдер үш салмақ ( – 48 кг, - 52 кг, - 57 кг), ерлер екі салмақ (- 60 кг, - 66 кг) дәрежесі бойынша сынға түсті. -48 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Галбадрах Отгонцэцэцгтен финалда Мунхабат Уранцэцэг бір юко басым түсіп, күмісті қанағат тұтты. Ал 66 келіде татамиге шыққан Асхат Тельманов Қазақстан қоржынына екінші медальді, қоланы салды. Ол жұбаныш белдесуде моңғол балуаны Баттогтах Ерхембаярды иппонмен жеңді.
Ертең, жарыстың екінші күнінде Оразалин Нұрлан (- 73 кг)мен Махамбетов Арман (- 81 кг) ел намысын қорғайтын болады. Финалдық кездесулерді сағат 14.00-де «KazSport» арнасы көрсетеді.
0 пікірлер