6 маусым күні Олимпиадаға қатысатын дзюдошылардың есімдері мәлім болады

22:57 | 02 маусым 2016

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ағымдағы жылдың 6 маусымында, cағат 11.00-де Алматы қаласы, И.Байзақов көшесі 238 мекен-жайы бойынша орналасқан Дзюдо академиясында өткізілетін Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз конференциясына шақырамыз. Шара барысында тамыз айында Рио-де-Жанейрода өткізілетін Олимпиада ойындарына Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан ресми түрде шақырту алған дзюдошылардың есімдері мәлімделеді.

Сонымен қатар, сәуір айында Ташкентте өткізілген Азия біріншілігінің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен және жүлдегер атанған дзюдошылар және бапкерлер құрамы қаржылай марапатталатын болады. Қатысуларыңызды растауларыңыз үшін fdkpress@mail.ru электрондық поштасына аты-жөніңізді, ақпарат құралының атауы мен лауазымыңызды және байланыс телефоныңызды жазып жіберу керексіз. Электрондық поштаға осы мәліметтерді 5 маусым, сағат 17.00-ден кешіктірмей жібергеніңіз шараға қатысуға тіркелгеніңізді білдіреді.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар