Жеңісбек Жақсыбек ел үмітін ақтады!

16:32 | 29 мамыр 2016

Дзюдо күресінен Қазақстан жастар құрамасы осы күндері Австрияда өтіп жатқан «European Judo Cup» халықаралық жарысында бақтарын сынап жатыр. Турнирдің алғашқы күні алға суырылып шыққан 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуанымыз Жеңісбек Жақсыбек өз қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал, Қанат Сейілхан мен Мадияр Сембаев бесінші орын алды.

Айта кетейік, аталмыш жарысқа 33 елдің 500-ден астам спортшысы қатысып жатыр. Жастардан құралған ел құрамасын аға жаттықтырушы Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков бастап барды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар