Дидар Хамза қола медаль иегері
Алматыда өтіп жатқан Гран При жарысында 73 келі салмақ бойынша Дидар Хамза қазақстан қоржынына бір қола медаль салды. Қола үшін тартыста моңғолиялық Сайнжаргал Ниам-Ошириден басым түсіп, жартылай жеңіске ие болды. IJF бекіткен рейтинге 10 орында тұрған моңғол балуанын жеңген Дидар 120 ұпайды еншілеп отыр.
Дидар Хамза бірінші айналымда француз Шайн Жуллейді жеңіп, одан кейін Египеттен келген қарсыласы Мохиелдин Могамедтен басым түсті. Алайда келесі кездесуінде белгілі Грузия балуанымен шықты. Ол 73 салмақ дәрежесінде рейтинге үшінші орында тұр. Дидар Таталавшили Нугзариден айласын асыра алмады, дегенмен жұбаныш белдесуінде бағын сынауға мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде Сэй Юнжиригаланы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жеткен болатын.
0 пікірлер