Дидар Хамза қола үшін күреспек

15:38 | 14 мамыр 2016

«Grand Prix» жарысының екінші күнінде ұлттық құрамадан төрт салмақ бойынша 16 спортшы шығып, ақтық сында бір спортшымыз қалды. 73 келідегі Дидар Хамза қола үшін белдесетін болды.

Дидар Хамза бірінші айналымда француз Шайн Жуллейді жеңіп, одан кейін Египеттен келген қарсыласы Мохиелдин Могамедтен басым түсті. Алайда келесі кездесуінде белгілі Грузия балуанымен шықты. Ол ссы салмақ дәрежесінде рейтинге үшінші орында тұр. Дидар Таталавшили Нугзариден айласын асыра алмады, дегенмен жұбаныш белдесуінде бағын сынауға мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде Сэй Юнжиригаланы «иппон» ұпайымен жеңіп, ақтық сында қола үшін моңғол балуаны Сайнжаргал Ниам-Оширмен кездеседі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар